Американың Хьюстон қаласындағы UFC 247 турнирінде Валентина Шевченко чемпиондық белбеуін Кэтлин Чукагянға қарсы сәтті қорғады.

Қырғызстандық спортшы кездесу бойы қарсыласын төмпештеумен болды. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Қазіргі сәтте Шевченкоға қарсылас шақ келмей тұр.