Швецияның Фалун қаласында әлем кубогының тоғызыншы кезеңі басталды, деп хабарлайды prosports.kz

Қазақстандық шаңғышылар классикалық стильдегі спринтте іріктеуден өте алмады.

Ерлер арасындағы сайыста қазақстандық спортшылар арасынан үздік нәтижені Константин Борцов көрсетті. Олжас Климин 55-ші орынға тұрақтады. Виталий Пухкало 63-ші сатыға жайғасты. Әйелдер арасында Анна Шевченко мәреге 45-ші болып келді. Дарья Ряжко 50-ші , Ирина Быкова 52-ші, Ольга Мандрик 54-ші орынға ие болды.