«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси Еуропадағы ең жоғарғы жалақы иегері деп танылды. Салықтарды есептемегенде Месси ай сайын 8,3 миллион еуро жалақы алады. Бұл Еуропадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Екінші орында 4,5 миллион еуромен Криштиану Роналду жайғасқан. 3 миллион еуро алатын Неймар үздік үштікті түйіндеп тұр. Ағылшын премьер-лигасында ең жоғарғы жалақы 1,76 миллион еуро қақпашы Давид Де Хеаның еншісінде.