Малайзиядағы «Тур Лангкави» тропикалық турының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан велоспорт федерациясының пресс-релизіне сілтеме жасап.

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров «Vinoо - Аstana Motors» командасынан жеңіске жетті. Сонымен қатар, ол жалпы есепте көш бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Федоров - Азия ойындарының чемпионы.