Қазақстандық жанкүйер бала (туада аяғы жоқ) Әли Тұрғанбеков Лука Модричтің шақыруымен «Реал Мадридтің» өз алаңында өткен ойынын тамашалауға барды, деп жазады Prosports.kz.

Тұрғанбеков Испания Кубогы аясындағы «Реал Мадрид» - «Реал Сосьедад» матчын тамашалады. Сонымен қатар, ол Карим Бенземаның футболкасын алды.