Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай халықаралық турнирінің финалына шыққан боксшылар анықталды, деп жазады Prosport.kz.

Ерлер арасында үш қазақстандық босшы финалға шықты: Сабырхан Махмуд, Талғат Шайкен және Айбе Оралбай. Ал Айдос Арапов, Нұрбек Оралбай және Дамир Тойбай жартылай финалда сүрінді.

Әйелдер арасында Римма Волосенко алтынға таласады, ал Марина Вольнова үшінші орын алды.