Франциялық қорғаушысы Жордан Лефор «Янг Бойз» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы футболшы бұған дейін «Амьен» командасында доп тепкен болатын.

Оған швейцариялық клубтан бөлек, болгариялық «Лудогорец» пен қазақстандық «Астана» командалары да қызығушылық танытқан.

Ойыншының трансфер нарығындағы құны екі миллион еуро. Ол 2019/2020 жылғы маусымда Франция чемпионатында 10 матчқа қатысты.