7-10 ақпан күндері Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ел біріншілгіне 2003-2004 жылдары туған жасөспірім дзюдошылар қатысады. Дүбірлі додаға Қазақстанның он төрт облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ге жуық татами шеберлері бақ сынамақ. Жарыс бағдарламасы: 7 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Ұлдар: -50 кг, -55 кг; Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг; 16:00 – Жарыстың ашылуы 16:30 – Финал 8 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Ұлдар: -60 кг,-66 кг, -73 кг; Қыздар: -52 кг,-57 кг, -63 кг; 16:00 – финал 9 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Ұлдар: -81 кг,-90 кг,+90 кг; Қыздар: -70 кг, +70 кг; 16:00 – финал 10 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Аралас-командалық сайыс 15:30 – финал