Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде «Шахтерға» шабуылшы Бауыржан Тұрысбек қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен жылы 28 жастағы футболшы қостанайлық "Тобыл" құрамында ойнады. Сондай-ақ, Бауыржан алматылық «Қайрат», Талдықорғанның «Жетісу», сербтік «Раднички Ниш», Семейдің «Спартак» және «Сұңқар» командаларында бақ сынады.

Айта кету керек, ойыншы Қазақстан құрамасы сапында 14 матч өткізіп, 3 гол соқты.