Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан жолдастық турнирде ресейлік «Ростов» Сербияның «Партизанын» 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік клуб сапынан Мамаев, Долгов және Шомуродовтар мергендік танытты. Сербиялық клуб ойыншысы Усман Садик матч соңында 1 гол соғып, есепті қысқарта алды.

Қазақстан құрамасы шабуылшысы Бактиер Зайнутдинов алаңға негізгі құрамда шығып, 66-минутта басқа ойыншыға алмастырылды.