20-22 наурызда Испания, Черногория және Венгрияда әйелдер арасындағы гандоболдан Олимпиадаға іріктеу турнирлері өтеді.

Бастапқыда қазақстандықтар Черногорияда өтетін 3 топта болуы керек еді. Бірақ Қытай гандобол федерациясы коронавирус жұқпалы ауруына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты. Енді Қазақстан Азиядағы ең үлкен рейтинг иегері ретінде Венгрияда өтетін екінші топтағы турнирде бақ сынайды. Қазақстандықтар Сербия, Ресей және Венгрия құрамаларымен ойнайды. Топтағы алғашқы екі орын алған құрамалар Токио Олимпиадасына жолдама алады.