Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты Элиталық кезеңінде Румыния қақпасына 83 соққы жасап, соның біреуін ғана голға айналдыра алған. Матч Румынияның пайдасына 3:1 есебімен аяқталған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

УЕФА мәліметтері бойынша, Қазақстан құрамасы қарсылас қақпасына 83 соққы жасаған, оның 23-і қақпаға тура бағытталған. Ал Румыния бар болғаны 19 соққы жасаған. Оның сегізі ғана Игита қақпасына тура ұшқан.

Ал бұрыштамалар көрсеткіші бойынша, Қазақстан 20 рет «корнер» орындаған. Ал румын футзалшылары ойынды бұрыштан екі рет қана бастаған.