UFC америкалық промоушны ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің ресми промо-ролиін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде UFC 249 турнирінде өтеді.

Видеода Хабибті «жеңіл салмақта UFC тарихындағы ең үстем чемпион» деп атайды.