Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель ойнайтын «Хераклес» Нидерланды біріншлігінде кезекті мәрте ұпай еншілей алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хераклес» қонақта «Виллем II» командасына есе жіберді. Матчтағы жалғыз голды «Виллем II» қорғаушысы Себастьян Холмен соқты.

Айта кетейік, Меркель 60-минутта сары қағаз алды. «Хераклес» қатарынан бесінші мәрте жеңілді.