Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында «Ақтөбе-Ж» футбол клубы бразилиялық «Гремио» командасының жастар құрамасынан басым түсті.

Кездесу 1:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды Таупбек Орналин соқты. Жолдастық кездесу Түркияның Белек қаласында өтті. Қазіргі кезде «Ақтөбе» футбол клубының негізгі және жастар құрамасы Белекте маусым алдындағы дайындықтарын пысықтауда.