«Ақтөбе» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында македониялық «Силекс» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды prosports.kz

Қазақстандық команда қарсыластарына 3:0 есебімен есе жіберді. Ақтөбеліктер оқу-жаттығу жиындары аясындағы үшінші кездесуде қатарынан жеңіліске ұшырап отыр. Алдыңғы екі матчта «Легия» және «Вольфсберг» футбол клубтарына жеңілген.

«Ақтөбе» келесі жолдастық кездесуін 6 ақпан күні сербиялық «Црвена Звезда» футбол клубына қарсы өткізеді.