Тайландта маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінда аралас командалық эстафетада жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды. Қазақстандықтар Жапония мен Тайланд командаларын алға жіберіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Біздің команда сапында Әділ Шәкіров, Темірлан Мұхамедиянов, Алина Сарқұлова, Дамир Тұрсынқали сынға түсті. Азия чемпионаты 5 ақпанға дейін жалғасады.