Prosports.kz «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы бельгиялық Зиги Бадибанганың клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынады.
- Өткен маусымды қалай бағалайсың? - Менің ойымша, өткен маусым жақсы болды. Біз чемпионатта және Еуропа лигасында тәп-тәуір ойнадық. Бірақ бізге әрі қарай жоғары орындарға ұмтылу керек деп ойлаймын. - Жиынға қандай көңіл-күймен келдің? - Көңіл-күй керемет. Демалыс 2 айға созылды. Өз бабымызға келу көп жұмыс істеу керек, өйткені чемпионаттың басталуына 1 ай ғана уақыт қалды. Мен тек жаттығу туралы ойлаймын. Жұмыс, жұмыс және тағы да жұмыс істеу керек. - Жаттығу жиынындағы ең қиын нәрсе деп нені айтасың?? - Иә, мұнда күніне екі рет жаттығу оңай емес. Бірақ жаттығуларға оң көңіл бөліп сергек шықсаңыз, бәрі де жеңіл болады. Мен мұнда өзімді өте жақсы көңіл-күйде сезініп жүрмін. Өзіңе сенімді болған кезде барлық қиындықтарды жеңе аласың. - Командадағы бәсекелестікке қалай қарайсың? - Бәсекелестік кез келген уақытта керек. Бірақ, біз бір команда болып, ортақ іс үшін жеңістерге жете алуымыз керек. Мұнда жоғары деңгейдегі футболшылар жиналды және оны чемпионат барысында тиімді пайдалану керек. Күн сайын жаттығуларда және ойындарда біз бапкерлерге, командада өз орныңның бар екенін, осы клубта ойнағың келетінін дәлелдеуіміз керек. Мен сол үшін тырысып жүрмін. - Жаңадан келген футболшылар команданы күшейте ала ма? - Иә, менің ойымша, жаңа футболшылар біздің ойынымызды күшейте алады. Мысалы, Сергей Хижниченко өте күшті және жылдамдығы артып келеді. Допты жақсы меңгереді және гол соға алады. Кеше ол сол шеберлігін көрсетті. Мен сол дәрежеде жалғастырады деп үміттенемін. - Келесі маусымға қандай үміт артасың? - Мен Қазақстан чемпионатында алтын медаль ұтып алғым келеді. Бұл мен үшін өте маңызды. Басты армандарымның бірі. - Шымкенттіктер жанкүйерлер туралы не ойлайсың? - Біздің команданың жанкүйерлері тамаша. Өткен маусымда бізді жан-жақты қолдады. Бізді алға қарай жетелеп жеңіске бастап отырды. Жаңа маусымда тағы да қайталайды деп үміттенемін.