Талдықорғандық «Жетісу» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынындағы барлық қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін жетісулықтар Словакияның «Слован-Братиславасымен» кездеседі. 4 ақпанда Ресейдің «Нижний Новгородымен», 7 ақпан күні Өзбекстанның «Навбахорымен», 9-да украиналық «Днепрмен» және 11 ақпанда «Колоспен» ойнайды.

Айта кетейік, «Жетісу» екінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.