Халықаралық «Атлантика кубогы» турниріне қатысып жатқан «Астана» футбол командасы Данияның «Копенгаген» клубынан айласын асыра алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Даниялықтар матч бастала салысымен-ақ шабуылға көшті,тіпті ол өз нәтижесін берді де. 3-минутта «Копенгаген» шабуылшысы Майкл Сантос есеп ашты. Бұдан кейін қос қарсылас қанша тырысса да, қақпаны дәл көздейтін ешкім табылмады. Матч 1:0 есебімен аяқталды.

2020 жылғы Атлантика кубогы

«Копенгаген» - «Астана» - 1:0

Гол: М. Сантос, 3

Айта кетелік, «Астана» 4 ақпанда «Бреннбюмен», ал «Копенгаген» бір күн бұрын «Норчеппингпен» ойнайды.