Алты маусым бойы «Қайрат» сапында ойнаған Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл Айн» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еске сала кетейік, еліміздің ең үздік жартылай қорғаушысының «Қайратпен» келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталды, бірақ Бауыржан Алматыдағы алғашқы ОЖЖ-да қайраттық ойыншылармен дайындық жасады. Содан кейін ол еркін агент дәрежесінде бірнеше күн Қатарда «Зенитпен» жаттығу жиындарына қатысты.

Еліміздің екі дүркін үздік футболшысы және Қазақстан Кубогының төрт дүркін жеңімпазы «Қайрат» сапында 223 матч өткізді. Қазақстан құрамасының капитаны 64 гол соғып, 61 пас берді.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Бауыржанға жаңа клубта сәттілік тілейді!

Бато рахмет!», деп жазды клубтың ресми сайты.