«Тобол» қақпашысы Эмиль Балаев пен қостанайлық команда басшылығы өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әзірбайжан құрамасының ойыншысы өткен маусымның басында дейін қосталайлық командамен келісімшартқа отырды. Осы уақыт аралығында Эмиль ҚПЛ-де 36 матч өткізіп, ол қорғаған қақпаға 22 гол соғылды.

Ресми мәлімдемеде «Тобол» 26 жастағы Балаевқа бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, болашақ мансабында сәттілік тіледі. Бұған дейін қақпашыны Бельгия мен Түркияның клубтары қызықтыратыны хабарланған болатын.