Украиналық футболшы Кирилл Ковальчук Шымкенттің "Ордабасымен" келісімшартты жаңартудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ковальчук шымкенттік клубта 2017 жылдан бері ойнады. «Ордабасы» құрамында жартылай қорғаушы 81 матч өткізіп, 5 гол соқты және екі рет командаға чемпионаттың қола медалін алуға көмектесті.

Еске салайық, 33 жастағы Ковальчук Днепропетровскінің «Днепрдің» тәрбиеленушісі. Ұзақ мансабында жартылай қорғаушы Ресей, Украина, Түркия, Молдова және Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсеткен.