Көкшетау футболының тәрбиеленушілері, «Оқжетпес М» ойыншылары Әділ Батталов пен Арман Төлегенов негізгі құрамда мансабын жалғастырады.

«Оқжетпес М» футболшылары Әділ Батталов пен Арман Төлегенов ресми түрде негізгі құрамның ойыншылары атанды. 20 жастағы жартылай қорғаушы Әділ Батталов Екінші лига командалары арасында өткен чемпионатта «Оқжетпес М» жастар құрамасында үнемі алаңға шығып жүрді.

Арман Төлегенов 19 жаста. 2019 жылы ол «Оқжетпестің» дублінде өнер көрсетті.

Ойыншылармен еңбекшарт 2020 жылдың аяғына дейін жасалды.