Атақты бразилиялық футзал ойыншысы Бетао «Атырау» футзал клубының бас жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

41 жастағы бразилиялық былтыр ойын мансабын аяқтады. Бұған дейін Бетао бразилиялық, итальяндық, испандық клубтарда ойнады. Сондай-ақ алматылық «Қайрат» қатарында да доп тепті.

Айта кету керек, «Атыраудың» жаңа бапкері Бразилия ұлттық құрамасымен бірге 2008 жылы әлем чемпионатын жеңіп алған еді.