КХЛ-дің тұрақты маусымы аясындағы кезекті матчта «Барыс» Нижнекамсктің «Нефтехимигін» 2-1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Таблодағы есепті 22-минутта жартылай қорғаушы Даррен Диц ашты. «Нефтехимик» 45-ші минутта Мэтт Уайттың күшімен таразы басын теңестірді. «Барыс Аренаға» жиналған жанкүйерлердің қуанышына орай, 49-шы минутта Антон Сагадеев гол соғып, «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Барыс» плей-оффқа жолдама алды. Команда Шығыс конференциясының кестесінде үшінші орында.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)Шайбы соққандар:

1:0 — 21:46 Диц (Михайлис)1:1 — 44:51 Уайт (Порядин)2:1 — 49:00 Сагадеев (Петухов)Қақпашылар: Паскуале — Барулин

«Барыс» ойыншысы соққан шайбы аптаның үздігі

«Барыстың» клубтық автобустар пайда болды