Премьер-лигада ойнайтын «Тараз» командасының сапы үш жаңа футболшымен толықты.

Жамбылдық ұжымға беларусьтік қорғаушы Валерий Каршакевич, ресейлік жартылай қорғаушы Аюб Бацуев және черногориялық Деян Больевич қосылды.

Айта кетейік, өткен маусымда «Тараз» Премьер-лигада 10-орын алды.