Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» командасына ауысса БАӘ чемпионатының ең қымбат футболшыларының тізіміне қосылады.

Transfermarket.de порталының мәліметінше, Бауыржан Исламханның нарықтағы құны 3 миллионды құрғайды.

БАӘ чемпионатының ең қымбат 10 футболшысы:

1. Игор Коронадо - «Шарджа» (Бразилия/Италия) - 6 миллион;

2. Кайо Канедо Корреа - «Аль-Айн» (Бразилия/БАӘ) - 4,8 миллион;

3-6. Кено - «Аль-Джазира» (Бразилия), Поль-Жозе Мпоку - «Аль-Вахда» (Конго/Бельгия), Али Мабхут - «Аль-Джазира» (БАӘ), Леонардо - «Шабаб Аль-Ахли» (Бразилия) - 4 миллион;

7-8. Рикардо Гомес - «Аль-Наср» (Кабо-Верде/Португалия), Брэндли Кувас - «Аль-Наср» (Кюрасао/Нидерланд) - 3,5 миллион;

9-10. Коджо Фо-До Лаба - «Аль-Айн» (Того), Кайо - «Шарджа» (Бразилия) және Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» (Қазақстан) - 3 миллион.