Қызылордалық «Қайсар» екінші оқу-жаттығу жиынына Түркияға ұшып барды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қасқырлар» Қызылордадан Шымкент әуежайына жол тартып, ол жерден Стамбул-Анталия бағытын бетке алды. Содан кейін команда Белекке келді, ал жаттығу жиыны 18 ақпанға дейін созылады.

Екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде клуб бірнеше жолдастық кездесулер өткізіп, жаңадан келген футболшыларды сынап көрмек.