Баскетболдан Ұлттық лигасының кезекті турында елордалық «Астана» өз алаңында «Каспиймен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 102:46 (32:16, 28:6, 19:16, 23:8) есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Айта кетейік, «Астана» келесі матчын жексенбі, 2 ақпанда ВТБ Біріккен Лигасы аясында Беларусьтің «Цмоки-Минск» командасына қарсы өткізеді.