Футзалдан Қазақстан чемпионатының 6-шы турында ақтаулық «Каспий» Оралдың «Бәйтерегінен» басым түсті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 3:1 есебімен аяқталды.

Жеңіске жеткен команда сапынан Жоламан Жақыпов, Данияр Сембай және Ерлан Қарақұлов гол соғып, көзге түсті.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан чемпионатындағы келесі ойындар 1 мен 4 ақпан аралығында өтеді.