Алматылық «Қайрат» екінші ОЖЖ-дағы соңғы жолдастық матчта Болгария чемпионатының көшбасшысы «Лудогорцтен» 0:6 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команда өз қақпасына бірінші таймда екі, екінші таймда төрт гол жіберіп алды. «Қайрат» қақпасын 19 жастағы Данил Устименко қорғады.

«Лудогорецке» қарсы матчқа шыққан «Қайрат» құрамы: Устименко (қ), Миканович, Дугалич (к), Әліп, Кейлер, Әбікен, Нұрмағамет, Астанов, Алыкулов, Айымбетов, Эсеола.

«Қайраттың» үшінші оқу-жаттығу жиыны да Белекте өтеді. 19 ақпан күні кезекті жолдастық кездесуде алматылықтар Қазанның «Рубинімен» кездеседі.