Ерлер арасындағы теннистен әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль беделді Australian Open турнирінің ширек финалынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық теннисшінің жолына әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Доминик Тим кедергі болды. Төрт сағаттан астам уақыт созылған матчтың үш сеті тай-брейкке дейін созылды. Үшеуінде де австриялық теннисші басым болды. Рафа болса, бір сетті ғана өз еншісіне жазды - 6:7, 6:7, 6:4, 6:7.

Жартылай финалда Доминик Тим неміс теннисшісі Александр Зверевпен кездеседі. Финалға шығу үшін екінші жұпта Роджер Федерер мен Новак Джокович таласады.