«Қайрат-2» мен бішкектік «Алға» командалары жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч ақпан айында Алматыда өтеді. Ойынның нақты қай күні өтетіні әлі белгісіз.

Матч «Алға» командасының Қырғыз Премьер-лигасының жаңа маусымына дайындығы аясында өтеді. Қырғыз клубы Алматыға толық құраммен келеді, олардың қатарында қаралымнан өтіп жатқан ойыншылары да болады.

Айта кетейік, клуб 5 рет Қырғызстан чемпионы атанған (1992, 1993, 2000, 2001, 2002). Қырғызстан кубогының 9 дүркін жеңімпазы (1992, 1993, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003).