Инстаграм желісіндегі Iraqiproplayers парақшасы Ирак футболшысы Сафа Хадидің Ресей чемпионатында өнер көрсететінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ирактық «Футбол» газетінің бас редакторы Али Нури де жазды. Ол Twitter-дегі парақшасында ойыншының «Зенитке» ауысатынын мәлімдеді.

- «Зенит» біздің ойыншы Сафи Хадимен келісімшарт жасасуға жақын. Алдағы сағаттарда келісімшарт жайлы жариялауы мүмкін. Бұл трансфердің іске асуына ирандық футболшы Сердар Азмун үлкен үлес қосты», - деп жазды Нури.