ҚХЛ тұрақты чемпионатында сырт алаңда «Барыс» кезекті ойынын «Автомобилиске» қарсы өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың міндеті тек жеңіске жету болатын, себебі бір ойын кем өткізген екатеринбургтықтар жеңіске жетсе, турнир кестесінде үшінші орынға шығып, «Барыс», керісінше бір саты төмен сырғитын еді. Скабелка шәкірттері берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты.

«Автомобилист» (Екатеринбург) - «Барыс» (Нұр-Сұлтан) - 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)

0:1 - Найт (Виделль, Маклюков) - 15:551:1 - Батыршин (Плэтт, Мамкин) - 20:471:2 - Михайлис (Шестаков, Маклюков) - 31:021:3 - Виделль - 38:082:3 - Мозер (Белоусов, Литовченко) - 54:252:4 - Бойд (Блэкер, Виделль) - 59:41

Қақпашылар: Фомин - Паскуале.