Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермек Тлауов 6 наурыз күні Алматыдағы АСА 105 турнирінде Алихан Сүлейменовке қарсы өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz

Тлауов соңғы жекпе-жегінде АСА 102 турнирінде ресейлік Венер Галиевке нокаутпен жеңілген.

Алматыдағы АСА 105 турнирінің басты кездесуінде Арман Оспанов пен Расул Мирзаев өзара мықтыны анықтайтын болады. Одан бөлек Асылжан Бақытжанұлы, Артем Резников сегізбұрыш төріне шығады.