«Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Артем Барановский өзбекстандық командаға ауысты. 29 жастағы футболшы өткен маусымда «Шахтер» сапында ойнаған. Оның алдында Тәжікстан біріншілігінде бағын сынап көрген. Ендігі кезекте ол Өзбекстандағы «Бухара» футбол клубына ауысты. «Бухара» өткен маусымда 12-ші орын алған.