«Барыс» хоккей клубының ойыншысы Никтиа Михайлис құрлықтық хоккей лигасының 19 аптасының үздік шабуылшысы атанды.

Қонақта өткізген үш кездесуде Никита 4 ұпай жинаған. «Йокеритке» қарсы бір гол соқты. «СКА» хоккей клубының қақпасына екі шайба соғып көзге түсті. Үздік ойыншыларды статистикалық көрсеткіштеріне қарай комиссия анықтайды.

Үздік қақпашы атағын «Спартак» қақпашысы Никита Беспалов жеңіп алды. Үздік қорғаушы Коди Франсон(Авангард). Үздік жаңа ойыншы Василий Подколзин(СКА).