Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы қорғаушысы Руслан Есімовпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып. Өткен маусымда Екібастұз футбол мектебінің түлегі Есімов «Ертіс» сапында 22 кездесуге қатысып, 2 гол соқты. Жалпы павлодарлық команда сапында барлық жарыстарда 119 матч өткізген.