Көкшетаулық «Оқжетпес» 26 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Мартинспен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Футболшы мен клуб арасындағы еңбек келісім 2020 жылдың соңына дейін жасалған.

Мартинс карьерасының басым бөлігін Португалияда өткізген. 2013 жылы «Санжоаненсе» клубында алғашқы матчына шыққан. 2013-2017 жылдары «Униан Мадейра» сапында ойнаған. Ал 2017-2019 жылдары «Пасуш де Феррейра» командасында өнер көрсеткен.

Былтыр «Тараз» сапына ауысып, Қазақстан чемпионатынла 31 матчқа қатысқан.