Куасси Куаджа "Ақтөбе" ФК Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды.24 жастағы ивуарлық футболшы бұған дейін де "Ақ-қызылдар" сапында ойнаған еді. Орталық қорғаушы 2016 жылғы маусымда өзінің тұрақты ойынымен жанкүйерлердің көңілінен шыққан. Жыл қорытындысы бойынша "Үздік қорғаушы" болып танылған еді.

Енді, жаңа бапкер Владимир Маминовтың көңілінен шықса, Куаджа "Қобыландыға" қайта оралуы мүмкін.