Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуаттың жаңа командасы «Оренбург» екінші оқу-жаттығу жиынында төрт жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезекті жаттығу жиыны 26 қаңтардан 7 ақпанға дейін Түркияның Белек қаласында өтеді.
Жолдастық матчтар:
28 қаңтар «Оренбург» - «Сигма» (Оломоуц, Чехия)
31 қаңтар, «Оренбург» - «Борац» (Баня Лука, Босния және Герцеговина)
3 ақпан «Оренбург» - «Эсбьерг» (Эсбьерг, Дания)
6 ақпан «Оренбург» - «Спартак» (Юрмала, Латвия).
Айта кетейік, барлық матчтар «Оренбург» футбол клубының YouTube желісіндегі арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Комментарии