Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирінде голландиялық Кики Бертенске есе жіберді.

Үшінші айналым аясында өткен матч 2:6, 6:7 аяқталды.

Осылайша Зарина Дияс Australian Open турниріндегі жеке сындағы жорығын аяқтады. Енді Елена Рыбакина жұптық сынға бақ сынайды.