Оралдық «Ақжайық» футболшылары 2020 жылғы маусымға дайындықты Шымкентте бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Батыс Қазақстан клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасы оралдық клубтың 26 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігіне баратындығын хабарлайды. «Ақжайықтың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 15 ақпанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, оралдық «Ақжайық» 2019 жылғы маусымда бірінші лига командалары арасында өткен Қазақстан чемпионатында 3-орын алып, Премьер-лигаға жолдама алу үшін өтпелі матчтарда ойнау құқығын иемденген еді. Тек олар «Тараздан» ұтылып (0: 0 және 1: 3), ҚПЛ-ге шыға алмады.