25 қаңтарда елордалық «Барыс» Уфада жергілікті «Салават Юлаевпен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыластар бұл маусымда осымен үшінші рет кездеседі. Алдыңғы екі матчта Қазақстан астанасының командасы жеңіске жеткен еді. Өткен жылдың 9 қазанында «Барыс» юлаевтықтарды Уфада 2:1 етіп ұтса, ал 14 қаңтарда Нұр-Сұлтанда 5:3 есебімен басым түсті.

Андрей Скабелканың командасы башқұртстандықтарды үшінші рет жеңуге «кетәрі» емес, алайда қарсылас команда алдыңғы екі жеңіліс пен 23 қаңтардағы Қазанның «Ақ Барсынан» буллит сериясынан ұтылуын жуып-шайғысы келетіні анық.

«Салават Юлаев» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да басталады, ал матчты мына СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады.