Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий Екатеринбургтегі кәсіпқой бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің боксшымыз осы кеште аргентиналық Алан Кастильомен (27-8, 10 КО) кездесті. Жекпе-жек 10 раундқа созылып, қазақстандық бірауыздан жеңіске жетті.

Осылайша, 22 жастағы боксшы кәсіби мансабында оныншы жеңіске жетті және жеңілістің ащы дәмін әлі тата қойған жоқ.