«Зенитте» қаралымда жүрген Бауыржан Исламханды қазақ жанкүйерлері ғана емес, ресейлік мамандар мен футболсүйер қауым да жіті қадағалап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Тіпті Championat.com сайты «Исламхан «Зениттің» жаттығуында гол соқты» деген тақырыпта тағы бір мақала жариялады.Онда санктпетербургтік команданың Youtube желісінде жариялаған видеосы да ұмыт қалмады.