Қазақстандық боксшы Бахтияр Эйюбовтің (14-2-1, 12КО) кезекті жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Boxrec-ке сілтеме жасап.

Эюбов 13 наурыз күні Висконсинде Salita Promotions компаниясының бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әлі белгісіз.

Еске салайық, Эюбовтың соңғы жекпе-жегі 10 қаңтарда Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси) өтті. Қазақстандық Джарон Эннисктен (25-0, 23КО) ұтылды.