Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан командасы қоржынына алғашқы медаль түсті.

66 келіде белдескен Ерлан Серікжанов Тель-Авивтегі турнирдің финалына дейін жеткен болатын. Өкінішке қарай, ақтық сында Оңтүстік Корея өкілі, әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы әрі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ан Баулдан "иппон" ұпайымен жеңілді.

Айта кетелік, Серікжанов өз тобында Израиль, Ресей, Әзірбайжан балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда израильдік Барух Шмаиловты ұтты.

Ал осы салмақта Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласқан Елдос Жұмақанов израильдік қарсыласынан ұтылып, жарысты бесінші орынмен аяқтады.